БАРАҚ ХАН

Барақ хан -Алтын Орда ханы. 1428 жылға дейін Ақ орда (Көк Орда) ханы. Орыс ханның немересі, Құйыршық ханның ұлы.Туған жылдары туралы деректер жоқ, 1428 жылы қайтыс болған.
None
None

Барақ өз тұсында ең беделді хандардың бірі болған. Сығанақ қаласын салуды басқаруға қатысты. ХV ғасырдың 10-жылдары Шығыс Дешті Қыпшақты билеу үшін болған күресте жеңіліп, Ұлықбектен көмек алады. 1419-1422 жылдары Шығыс Дешті Қыпшақта билік басына келеді. 1422 жылы Еділдің төменгі бойында Алтын Орда әскерін жеңіп, таққа отырады. 1426 жылы Ұлығ-Мұхаммед ханнан жеңіліп, тағынан айырылады да, сол жылы Ноғай Ордасының мырзасы Мансұр бимен одақ құрады. Мансұр би Құйыршық ханның қызынан туған болатын. Билік үшін таласта Барақ хан Мансұр биді өлтіреді. Осыдан кейін Алтын Орда жерінде қала алмаған Барақ хан ығысып келіп, 1426-1427 жылдары Сыр бойындағы қалалар үшін Ұлықбекпен соғысады. 1427 жылы өзіне қарсы аттанған Ұлықбектің әскерін тас-талқан етіп, Мауераннахрға жорық жасайды. 1428 жылы Ноғай Ордасының сұлтандарымен болған соғыста қаза табады.

Барақ хан өлген соң, Шығыс Дешті Қыпшақта шайбанилық Әбілхайыр ханның 40 жылдық билігі орнайды. Барақ ханның Мір Сеид, Мір Қасым және Би Сайид (Жәнібек хан) деген үш ұлы болған.

 

 

 

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 2 том

 

Соңғы жаңалықтар