Барак Обама 2008 жылы 2,7 миллион доллар табыс тапты
ВАШИНГТОН. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - 2008 жылы Барак Обама мен оның отбасының табысы 2,7 миллион долларды құрады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Негізгі табыс ? 2,5 миллион доллар - АҚШ президентінің «Менің әкемнің арманы» және «Үміт талпынысы» кітаптары үшін алған қаламақысы. Иллинойс штатының сенаторы кезіндегі жалақысы Обаманың отбасына 139 мыңдай доллар әкелген. Ал АҚШ президентінің жұбайы Мишель Обама былтыр 63 мың доллар табыс тапқан. Ассошиэйтед пресс агенттігінің хабарлауынша, президенттің былтырғы табысы, оның 2007 жылы тапқан табысынан (4,2 миллион доллар) әлдеқайда аз болған.