17:59, 29 Шілде 2015 | GMT +5
Барак Обама 2016 жылғы сайлауға қатысар болса, жеңіске жететініне сенімді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка президенті Барак Обама Африкаға барған сапарында АҚШ президентінің алдағы сайлауындағы өз кандидатурасына қатысты мәлімдеме жасады.

Обама өз мемлекеті үшін жақсы басшы екенін мәлім етті. Оның айтуынша, ел Конституциясы мемлекет басшылығына кандидатурасын үшінші рет ұсынуға мүмкіндік берсе, онда бас тартпас еді.
Барак Обама мұндай жағдайда америкалықтар өзін қолдайтынына сенім білдірді. Президент Американы дамытуға бағытталған көптеген идеялары бар екенін, бұл идеялардың арқасында елі өркендеп, одан әрі дами түсетіндігін атап өтті.
Өз сөзінде Барак Обама Африка елдерінің президенттеріне заңды өз мүдделеріне сай өзгертпеуге кеңес берді.
Еске сала кетсек, БҰҰ пікірінше, Бурунди президенті үшінші мерзімге заңсыз сайланды. Өйткені барша халықтың пікірі ескерілмеген.