Барак Обама 58 есірткі саудагеріне рақымшылық жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама түзету мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан 58 адамға рақымшылық жасау туралы шешім қабылдады.

Барак Обама 58 есірткі саудагеріне рақымшылық жасады

Барлығына да кезінде үкім шығарылған. Солардың ішінде есірткіні сақтап, сатқаны үшін өмірінің соңына дейін бостандықтан айырылғандары бар. Бостандыққа жаңа сотталғандармен бірге 1990 жылдары сотталғандар да шығады.

Атап өтейік, соңғы кездері Обама 306 жазасын өтеушіге рақымшылық жасаған, олардың 110 өмір бойына сотталған, деп жазады life.ru.