Барак Обама американдық миллионерлерге салықты көтереді

Журналистерге Ақ үй басшысының өкілі мәлім еткендей, Обама өзінің салықты көтеру жөніндегі жоспары жөнінде 2011 жылғы 19 қыркүйекте АҚШ конгресіне бюджет жетіспеушілігін қысқарту жооспарын ұсынған кезде егжей-тегжейлі айтып бермек.
Құрама Штаттардың бай тұрғындары үшін салықты көтеру идеясын белгілі американдық миллиардер Уоррен Баффет айтқан болатын. Сондықтан да оны қазір «Баффет нормасы» деп атап кетті. Миллиардер бүгінде заңнамада дәулетті американдықтардың салыстырмалы түрде аз төлеуге мүмкіндіктерді қарастыратын кемістік бар екенін айтады. Оның айтуынша, инвестициялық қызметке салық мөлшерлемесі еңбекақы салығынан төмен.
Конгресте Обаманың жоспары елеулі қарсылық туғызады деп күтілуде. Өкілдер палатасына бақылау жасайтын республикалық партия салықты арттыруға үзілді-кесілді қарсылық білдіруі мүмкін.