Барак Обама ауызашар берді

АСТАНА.    Қыркүйектің 2-сі.  ҚазАқпарат -  Ақ үйде    қасиетті Рамазан  айының  құрметіне мұсылмандарға  ауызашар берген   АҚШ  Президенті Барак Обама,    мемлекеттің  дамуына     қосып отырған үлестері  үшін мұсылмандарға   алғыс  айтты, 
None
None

деп   хабарлайды  «РИА  «Новости» агенттігі.

АҚШ Президенті мұсылмандардың арасында    үлкен бедел  жинап  келе жатыр. Ол    осыдан  бірнеше ай бұрын Каир университетінде  сөйлеген  сөзімен  мұсылман  әлемімен тікелей  диалог бастаған  болатын.  Сол сөзінде Обама,  АҚШ-тың  мұсылмандармен, Джордж Буштың әкімшілігі  жүргізген  саясаттан    мүлдем  өзгеше, жаңа қарым-қатынас орнатпақ ниетін мәлім  еткен   болатын.

«Мұсылмандардың  Құрама Штаттардың дамуына  қосқан үлестері   оразан  зор,   оны  бір-екі  ауыз сөзбен  айту мүмкін емес.     Бүгінде  мұсылмандар    біздің еліміздің  ажырамас   бөлшегі.   Американдық мұсылмандар бизнесте,   өнерде  табысты,      олар шоу-бизнесте, спорт, ғылым және медицина салаларында  еңбек етеді.   Бірақ та, олар  ең алдымен -  тамаша ата-аналар, жақсы көршілер және  өз елінің    адал  азаматтары»,  деді АҚШ Президенті     кеше ауызашарда сөйлеген сөзінде.

Кешкі  асқа 70-тен  астам шенеунік,   дипломат,   қоғам және дін қайраткерлері   шақырылды.

Соңғы жаңалықтар