18:14, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
Барак Обама барша халықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барак Обама барша адамзатты Наурыз мейрамымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының ресми сайты хабарлады.
«Мен Наурыз мейрамын тойлау үшін отбасыларымен бірге бас қосқан қауымды осы көктем мерекесімен құттықтап, ыстық тілектерімді жеткіземін. Дүние жүзінде және осы Америка Құрама Штаттарында баршаңыз Наурызда жақын-туыстарыңызға тілек тілеп, бата беріп, жаңа мезгілді үлкен үмітпен қарсы алу үшін мейрамға жайылған дастархан басына мерекені атап өтудесіздер», - деді АҚШ президенті Барак Обама өзінің құттықтауында.
Құттықтау бейнеролигін мына жерден көре аласыздар