Барак Обама бір туфлиді сегіз жыл киіп келген
АСТАНА. ҚазАқпарат -Мишель Обама бұрыңғы АҚШ президенті Барак Обаманың қарапайымдылығын тілге тиек етіп, оның сегіз жыл бойы бір смокинг пен бір туфлиді ауыстырмай киіп келгендігі туралы айтты деп хабарлайды РИА Новости.
«Адамдар менің қандай туфли кигенімді, қандай алқа таққанымды суретке түсіріп, әңгіме етіп жүріп, сегіз жыл ішінде Барак Обаманың тек бір ғана киіммен жүргендігін аңғармайда қалды», - деді Apple Worldwide Developers Conference конференциясында АҚШ-тың бұрыңғы бірінші ханымы.
«Ол (Барак Обама - автор) осы ісі үшін өзіне риза болатын және жиналуыма небәрі он минут ғана уақыт кетеді деп мақтанатын», - деп атап айтты Мишель.