Барак Обама екінші президенттік мерзімге ниетті

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама екінші президенттік мерзімге түсу ниеті туралы жария етпек.

Барак Обама  екінші президенттік  мерзімге ниетті

Associated Press агенттігіне бұл туралы Ақ үй басшысының жоспарынан хабардар АҚШ Демократиялық партиясының мүшелері мәлім еткен.

Президенттің жоспары келесі аптаның басында, Барак Обама қажетті құжаттарды Федералдық сайлау комиссиясына жолдағаннан кейін жария етілмек. Президенттің жақтаушылары қабылданған шешім жайлы SMS және электрондық пошта арқылы жеке хабардар етілетін болады.

Сайлау учаскесінде тіркелгеннен кейін Барак Обама қайта сайлау жөніндегі науқанға қаржы тартуға ресми рұқсат алады.