Барак Обама электромобильдер үшін батарея жасайтын зауыттың іргетасын қалайды
АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - Экономиканы басқару әдісі сынның жаңа толқынына ұшыраған АҚШ президенті Барак Обама бейсенбіде электромобильдер үшін электр батареяларын шығару жөніндегі секторды инвестициялауды қолдап сөз сөйлемек, деп жазады «ЭнергоНьюс» порталы.
Обама Chevrolet және Ford электр автомобильдері үшін батарея шығаратын зауыттың іргетасын қалау салтанатына қатысады. Өткен жылдың тамызында Обама жария еткеннен кейінгі, аталмыш салаға бағытталған 2,4 млрд. долларлық бағдарламадан соң бұл Мичиган штатындағы тоғызыншы зауыт болып саналады.
Бейсенбі күні жарияланатын АҚШ энергетика министрінің баяндамасында аталған инвестиция АҚШ-тың алдыңғы қатардағы электр аккумуляторы рыногындағы үлесін 2015 жылға дейін 2%-дан 40%-ға дейін көтереді және елде жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік бермек.