Барак Обама Каирде сөз сөйлеп, АҚШ пен мұсылман әлемі елдері арасындағы қатынастарды қалпына келтіру жоспарын баяндамақшы

ВАШИНГТОН. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат – Бүгін АҚШ Президенті Барак Обама Каирде (Египет) сөз сөйлеп, АҚШ пен мұсылман әлемі елдері арасындағы қатынастарды қалпына келтіру жоспарын баяндайды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Президент Обама лаңкестік сияқты күрделі мәселеде АҚШ-тың ұстанымын мұсылман әлемі тереңірек түсінуі мақсатында барынша сенім диалогын орнатуға үміттенеді. Ол АҚШ исламды жете зерделеуі тиіс деп санайды. Ислам дінін ұстанатын американдықтардың саны жағынан АҚШ әлемдегі ең ірі мұсылман елдерінен болып саналады.Ол сонымен қатар, Ирактағы және Ауғанстандағы жағдайларды да қозғамақшы.Президенттің сөйлеген сөзі www.whitehouse.gov және www.america.gov сайттарында тікелей эфирден беріледі. Обаманың сөзін Интернеттен қарағысы келгендер бұған АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің сайты (http://kazakhstan.usembassy.gov) арқылы қол жеткізе алады.
Соңғы жаңалықтар