Барак Обама Кенияға, әкесінің отанына келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама жұма күні кешқұрым Кенияға, әкесінің отанына келді. Бұл Обаманың осы елге Құрама Штаттардың президенті болып сайланғаннан бергі алғашқы сапары, деп хабарлайды Би-би-си.

Обама Найробиде, Африкада кәсіпкерлікті дамытуға арналған конференцияға қатысады.

Бұл басқосуда бизнес пен инвестициядан басқа терроризмге қарсы күрес мәселесі де талқыланбақ.

Кенияға сапары кезінде Обама біршама уақытын өзінің кениялық туыстарымен бірге өткізетін болады.

АҚШ президенті Кениядан соң Эфиопияға атттанады.

Соңғы жаңалықтар
telegram