Барак Обама Кубада Раул Кастромен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама Куба көшбасшысы Раул Кастромен келіссөз жүргізуде. Кездесу Гаванадағы Революция сарайында өтіп жатыр.

 Барак Обама Кубада Раул Кастромен кездесті

Жүздесу басталар алдында Обама Кубаның тәуелсіздігі жолында белсене күрескен батыр Хосе Мартидің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бұл АҚШ басшысының 88 жылдан соң болған бірінші сапары, деп хабарлайды Би-би-си. Көптеген журналистер Обаманың сапары американдық-кубалық қарым-қатынастағы күрт бетбұрыс деп бағалауда.