Барак Обама Ливиядағы АҚШ күштері әрекетінің мақсатын түсіндіргісі келеді
АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама Вашингтон уақыты бойынша 28 наурыз, дүйсенбі күні кеште (Мәскеу уақыты бойынша 29 наурыз күні ерте таңертең) теледидардан сөйлеп,
Америка Құрама Штаттарының Ливиядағы әскери операцияның мақсаты нені көздейтіндігін түсіндіргісі келді. Обаманың Вашингтон Ұлттық қорғаныс университетінде сөйлеген сөзі тікелей эфирде көптеген американдық телеарналардан, соның үшінде CNN телеарнасынан берілді, деп хабарлайды Лента.ру.
Обаманың айтуынша, АҚШ-тың Ливиядағы операциядан бас тартуы қазіргі жағдайда «істеп жатқан жұмыстарға қарама қарсы сатқындық болар еді». "Кейбір мемлекеттер басқа елде болып жатқан айуандық әрекеттерге көзді жұма қарауда. Алайда Америка Құрама Штаты олай ете алмайды", - деп мәлімдеді Обама.
- Коалицияның Ливиядағы халықаралық іс-әрекеті, - деді АҚШ президенті, - барлық аймаққа қауіп төндіретін қантөгісті тоқтатты. Сонымен қатар Обама ливиялық көшбасшы Муаммар Каддафиді тағынан әскери жолмен төңкеріп тастау, «қымбатқа түсетін қателік болар еді», деп атап көрсетті. АҚШ Президенті Ирактағы «билік ауысуының сегіз жылға созылып, қаншама мыңдаған адамдардың өмірі қиылып, триллонға тарта доллар кеткенін» еске салды. "Біз мұндайдың Ливияда қайталануына жол бере алмаймыз", - деп мәлімдеді ол.