Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Барак Обама Ниццадағы «зұлымдықпен жасалған террорлық шабуылды» сынға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама Ниццадағы "зұлымдықпен жасалған террорлық шабуылды" сынға алды.

Барак Обама Ниццадағы «зұлымдықпен жасалған террорлық шабуылды» сынға алды

Еске сала кетейік, онда Бастилия қамалын алу күнін тойлау барысында жүк көлігі халық көп шоғырланған жерге барып адамдарды басып-жаншыды. Салдарынан 80-ге жуық адам көз жұмды. 

"Америка халқының атынан Францияда бірнеше ондаған бейкүнә адамның өмірін қиған, Ниццадағы зұлымдықпен жасалған террорлық шабуылды сынға аламын ", - делінген АҚШ президентінің мәлімдемесінде.

Обама болған оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізуге көмектесетін команда жіберетінін айтты, деп хабарлайды Би-би-си.