Барак Обама өз қарсыласына «ромнезия» деген диагноз қойды

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Ақ үй қожайынының айтуынша, республикашылар атынан саяси додаға түсетін кандидат кейде есінен айырылып, өзінің саяси ұстанымдарын ауық-ауық өзгертіп тұрады.
None
None

Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасы хабарлайды.

АҚШ-та президенттік сайлау жақындаған сайын, жоғары лауазымға үміткерлер арасында тартыс та күшейе түсті. Таяуда, қазіргі лидер Барак Обама өзінің қарсыласы Митт Ромниге «ромнезия» атты диагноз қойды. Вирджиния штатындағы университетте сөйлеген сөзінде ол тіпті осы аурудың белгілерін де атап өтті. Ақ үй қожайынының айтуынша, республикашылар атынан саяси додаға түсетін кандидат кейде есінен айырылып, өзінің саяси ұстанымдарын ауық-ауық өзгертіп тұрады.

Обаманың жақтастары оның бұл сөздерін қолпаштап, ду қол соқты. Олар президенттің көзқарасын толық құптап, «мұндай дертке шалдыққан адам елді басқаруы екіталай», деген шешімге келді.

«Сайлауға дейін 18 күн қалғанда, Ромни өзінің бір жыл бойы айтып келе жатқан сөздерінен айнып кетті. Сіздер де оларды ұмытады деген ойда. Әуелде ол халыққа «мен мінсіз үміткермін» деген еді, ал, енді «мен кіммін?» дейді. Ол өзінің ұстанымдарын естен шығарған секілді. Және, соған қарамастан, сіздер оны қолдайсыздар деген үмітте. Менің байқағаным, Ромни өзінің пікірін өте жиі өзгертеді. Мүмкін, ол көп алаңдайтын болар. Меніңше,  бұл «ромнезия» деп аталады», - деді Б. Обама.

Соңғы жаңалықтар