11:38, 28 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Барак Обама шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы заңға қол қойды
АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы заңға қол қойды. Заң шағын кәсіпкерлікті несиелеуге 30 млрд доллар қаржы бөлуді көздейді,
деп хабарлайды Associated Press.
Б.Обаманың пікірі бойынша, бұл шара миллиондаған шағын кәсіп иелерін несиемен қамтамасыз етеді және елде жаңа жұмыс орындарын ашады.
АҚШ-тағы ресми жұмыссыздық деңгейі халықтың еңбекке жарамды бөлігінің 9,7 пайызын құрайды. Дегенмен, жұмыс іздеуді мүлдем тоқтатқан немесе толық емес жұмыс күніне көшуге мәжбүрлерді қоса есептегенде, АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі әлдеқайда жоғары, бірқатар экономистердің есебінше 20 пайыздан артық.
Б.Обама заңға Конгресстің қос палатасының мақұлдауынан кейін қол қойды.