Барак Обама темекі шегуді тастады

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама темекі шегуді тастады, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

Барак Обама темекі шегуді тастады

Бұл туралы Ақ үйдің өкілі Роберт Гиббс мәлімдеді. Оның айтуынша, президент биылғы наурыз айынан бері бірде бір сигарет шеккен жоқ.

Обама "шылымды тастаймын" деген сайлау алдындағы науқанда берген уәдесін бұған дейін де орындауға тырысқан болатын, бірақ біраз уақытқа дейін оның сәті түспей келген еді.