Барак Обама ұсынған АҚШ экономикасын ынталандыру жобасы 775 миллиард долларды қажет етеді

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Барак Обама ұсынған ел экономикасын ынталандыру жобасы американ үкіметіне 775 миллиард долларға түсетін болады.
None
None
Бұл туралы Барак Обама сейсенбі күні экономикалық кеңесшілерімен болған кездесуден кейін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша 2008 жылғы қыркүйектің соңында АҚШ бюджетінің дефициті 445 миллиард долларды құраған болатын. Жаңа жоспарды қараша айында өткен сайлаудың қорытындысы бойынша қос палатасында демократтар басым орынға ие болып отырған АҚШ Конгресінің мақұлдауы керек.
Соңғы жаңалықтар