09:15, 05 Қаңтар 2009 | GMT +5
Барак Обама Вашингтонға көшті
ВАШИНГТОН. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат – АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Барак Обама жексенбі күні Чикагодан Вашингтонға көшті,
деп хабарлады журналистерге Обаманың ауыспалы әкімшілігі штабының өкілдері. Вашингтонға көшіп келгеннен кейін Обаманың отбасы қаңтардың 15-іне дейін Ақ үйге қарама-қарсы және жақын орналасқан "Хэй-Эдамс" қонақүйінде тұратын болады. Тәуліктік құны 6 мың долларды құрайтын «президенттік» люкс нөмірінің терезесінен Ақ үй жақсы көрінеді. Ал қаңтардың 15-і мен 20-сы аралығында Обама отбасымен Ақ үйге жақын орналасқан АҚШ Үкіметінің ресми мемлекеттік қонақ күту резиденциясында тұрады да, қаңтардың 20-сынан бастап Ақ үйге ауысады.