Барак Обаманы 3D-принтермен жасап шығарды - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Смитсон Институтының студенттері мен мамандары 3D-принтермен АҚШ президенті Барак Обаманың бюстін жасап шығарды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Барак Обаманы 3D-принтермен жасап шығарды - ФОТО

Бюст жақында Вашингтонда Ақ Үйде көрсетілген. Осылайша, Барак Обама келбеті мен бюсті 3D-принтермен жасалған АҚШ-тың алғашқы президенті болып отыр.

Обаманың бюсті ертіліген пластикпен 5 мың қабат етіп басылған және оны жасап шығаруға 40 сағат уақыт кеткен көрінеді.