Барак Обаманың апасы қарттар үйінде көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обаманың апасы Зейтуни Оньянго Бостондағы қарттар үйінде 61 жасында көз жұмды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Барак Обаманың апасы қарттар үйінде көз жұмды

Қатерлі ісік дертіне шалдығып, ұзақ уақыт бойы сырқаттанған әйел ұйқыдан оянбай қалған. Зейтуни Оньянго - Барак Обаманың әкесінің туған қарындасы. Ол 2000 жылы АҚШ-қа Кениядан келген, ал 2002 жылы жағдайының қиындығына байланысты отанынан паналайтын жер сұраған. Бұл өтініші қолдау таппады. Сол кезде Оньянго Массачусетс штатында заңсыз қалуды ұйғарды. БАҚ бұл туралы тек 2008 жылы білген, яғни Обама президент болғанға дейін. Ақ үйде мемлекет басшысы өз апасының елде заңсыз тұрып жатқанын білмегенін алға тартты. 2010 жылы Оньянгоға саяси баспана берілді. Өйткені ол отанына оралған жағдайда АҚШ президентінің туысы болғандықтан өлім жазасына кесілуі мүмкін еді.