09:15, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Барак Обаманың бауыры Африкада түрмеден босатылды
НАЙРОБИ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обаманың бауыры – Джордж Обама Кенияда түрмеден босатылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
CNN телеарнасының тілшісімен телефон арқылы сұхбаттасқан Дж.Обама, есірткіге еш қатысы жоқ екенін және оған тағылған барлық айыптаулар алынғанын мәлім еткен. Полиция өкілдері бұл ақпаратқа ешқандай түсініктеме бермеген. Естеріңізге сала кетейік, Дж.Обама Кенияда қаңтардың 31-і күні есірткі сақтады деген күдікпен тұтқындалған болатын. Оны тінту кезінде марихуана қосылған темекі табылған. Джордж Обама мен Барак Обаманың әкелері бір болғанымен, екі шешеден туған бауырлар. Баспасөз құралдарының ақпараты бойынша, олар бір-бірімен жақын араласпайды.