10:42, 24 Қаңтар 2009 | GMT +5
Барак Обаманың екі қызының атын иеленген қуыршақтар сатыла бастады
ВАШИНГТОН. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат – Америка дүкендерінде Барак Обаманың екі қызының атымен - Маша және Малия деп аталатын екі жаңа қуыршақ пайда болды.

Дегенмен, бұл қуыршақтарды шығарып отырған Ty Inc., компаниясы ойыншықтардың аты-жөндері АҚШ президентінің балаларымен еш байланысы жоқ екенін айтып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Бірақ, көптеген сарапшылар «шырайлы Саша» және «жайдары Малия» деп аталған қуыршақтардың пайда болуы келбеті әлемдегі ең танымал брендтердің біріне айналып отырған президент Барак Обамаға байланысты тағы бір шара деп санайды.