Барак Обаманың инаугурация рәсіміне билеттер 1 минутта сатылып кетті

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Барак Обаманы ұлықтау рәсіміне арналған қаңтардың 20-сында өтетін парадтың билеттерін ұйымдастырушылар 1 минуттың ішінде сатып жіберді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Билеттерді сатушы Ticketmaster компаниясына сілтеме жасап ВВС телекомпаниясының хабарлауынша, Вашингтонда парад өтетін көшенің бойындағы мінберлерде 5 мыңдай орын ұйымдастырылып отыр. Компанияның интернет-сайты арқылы 90 пайызы сатылуға шығарылған билеттердің құны 25 доллардан болған. Билеттер, дегенмен, басқа да сайттарда, бірақ қымбаттау бағамен сатылған. Мысалы? eBay сайтында билеттер 250 доллар және одан да қымбат бағамен сатуға ұсынылған. Қаңтардың 20-сында Вашингтонда өтетін салтанатты рәсімге 2 миллионға жуық адам жиналады деп күтілуде. Барак Обама мен вице-президент Джо Байден жүріп өтетін бағыт ? Капитолий мен Ақ үйдің арасынан өтеді.
Соңғы жаңалықтар