Барак Обаманың қызы мейрамханаға даяшы болып жұмысқа орналасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обаманың қызы алғашқы жұмысына кірісті, деп жазды Hello. 15 жастағы Саша жазда Массачусетс штатындағы Мартас-Винъярд аралында орналасқан Nancy's мейрамханасына жұмысқа тұрды.
Онда мемлекет басшысының қызы даяшы болып жұмыс жасайды. Атап айтқанда, ол үстелдердегі ыдыс-аяқты жинап, кассада тапсырыстар қабылдайды.
Обаманың қауіпсіздігін Құпия қызмет қызметкерлері қамтамасыз етеді, олар Сашаға өз тәуелсіздігін сақтауға мүмкіндік беретіні атап өтіледі.
Nancy's мейрамханасы балық тағамдарын әзірлейді. Обама отбасы Мартас-Винъярдқа жазғы демалысқа келгенде осы орыннан тамақтанғанды ұнатады.
Бұдан бұрын Барак және Мишель Обаманың қыздары Саша мен Малия Испанияда Гран-Виа көшесінде дүкен аралағаны хабарланған.