Барак пен Мишель Обама 2013 жылы 503 мың доллар табыс тапқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама мен оның зайыбы Мишель Обама бірге тапсырған салық декларациясына сәйкес, 2013 жылы 503 мың доллар табыс тапқан.
Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады. Обаманың отбасы 2013 жылы жалпы сомасы 98 мың доллар салық төлеген, деп хабарлады РБК.
Сондай-ақ олар 59 мың долларды, шамамен табысының 12,3 пайызын 32 қайырымдылық ұйымдарына берген. Ең ірі сома - 8 мың доллар қаржыны медициналық көмекке мұқтаж америкалық ардагерлердің отбасына жәрдемдесетін Fisher House Foundation қайырымдылық қоры алған.