13:20, 07 Қазан 2012 | GMT +5
Барак пен Мишель Обама отау құрғандарына 20 жыл толуын атап өтті
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Президенттік жұп - Барак пен Мишель Обамалар үйленгендеріне 20 жыл толуын атап өтті.

Президенттік пул журналистерінің хабарлауынша, олар Вашингтонның солтүстік-шығысында Джоржтаун ауданындағы «Бурбон Стейк» мейрамханасында кешкі астарын ішкен.
Барак пен Мишельдің үйлену тойлары 1992 жылдың 3 қазанында болған, олар бұл атаулы күнді сәрсенбінің сәтінде атап өтулері керек еді. Дегенмен оған сайлауалды науқан кедергі болған-ды. Сондықтан да олар "Твиттер"-де бір-біріне құттықтау жазумен ғана шектелді. «Осыдан 20 жыл бұрын мен өз өмірімдегі махаббатыммен әрі ең жақсы досыммен шаңырақ көтердім», деп жазды мемлекет басшысы. «Үйленгеніміздің 20 жылдығымен. Тамаша жұбай, дос әрі әке болғаның үшін саған рахмет, Мен сені сүйемін!», деп жазды жауабында Мишель.