Барак және Мишель Обама әлемдегі ең жақсы киінетіндердің тізіміне кірді
АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Американың «бірінші ханымы» Мишель Обама ғана емес, оның зайыбы президент Барак Обама да әлемдегі сәнді киінетіндердің қатарынан орын алып отыр.
Олар "Вэнити фэр" журналы жариялаған ең жақсы киінетін адамдардың тізіміне кірді. Бұл басылымның қызметкерлері стиль саласындағы үздік сарапшылар мәртебесіне ие, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Маяк» радиостансасына сілтеме жасап.