«Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығы ел азаматтарына үндеу жолдады

АЛМАТЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық күрдтер Президенттің өкілеттік мерзімін 2020 жылға дейін ұзартуды қолдайды. Бұл туралы бүгін «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының бүгін ел азаматтарына жолдаған үндеуінде айтылды.

«Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығы ел азаматтарына үндеу жолдады

Онда күрдтердің 23 желтоқсанда Өскеменде өткен республикалық жиындағы ҚР Тұңғыш Президентінің өкілеттік мерзімін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізу бастамасын құптайтыны айтылған. Күрдтердің ҚР Президентін мақтан тұтатыны және оған үлкен сенім артатыны жазылған. Үндеуде атап көрсетілгеніндей, Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында Қазақстан Орталық Азия ғана емес ТМД елдері арасында да көшбасшылық жағдайда тұр. Республикада 2030 жылға дейін стратегия сәтті жүзеге асырылып жатыр. Ал оның сәулетшісі - Президенттің өзі. Сондықтан Қазақстанның алдында тұрған барлық міндеттерді тек Елбасы ғана толық жүзеге асыра алады. Бұл Қазақстанның әл-ауқаты мен өсіп-өркендеуі, болашақтағы тұрақты дамуы және елдің әлемдік бәсеке қабілеттігін арттыру үшін қажет.