Барбастау-Ақжайық-Индер бағытындағы жол құрылысы аяқталады

жол
Фото: Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облыстық маңызы бар Барбастау-Ақжайық-Индер 43-93 шақырым, жалпы ұзындығы 50 км автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары биылғы жылы аяқталады.

Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бапасөз қызметінің хабарлауыша, жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2024 жылдар. Бүгінгі күнге дейін 43,4 шақырым жол төселіп, жұмыстардың 85%-ы орындалды.

Аталған нысанды аяқтау үшін биыл жергілікті бюджеттен 3,2 млрд.теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі кезде жұмыстарды жалғастыру үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, биыл Барбастау-Ақжайық-Индер автомобиль жолының 93-145 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстары басталатын болады. Бүгінгі күнге мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер ұйым – «Uniserv» ЖШС анықталды. Нысанда жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар