15:03, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Барби қуыршағы 50 жасқа келді
ВАШИНГТОН. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат - Әлемдегі атақты ойыншық – Барби қуыршағы 50 жасқа толды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Дегенмен, Барбидің бетінде әжім, басында ақ шаш байқалмайды. Ол бұрынғысынша сұлу мүсінді, қиғаш қасты қуыршақ. Ең басында Барби небәрі 3 доллар тұрған екен. Ал қазір сол алғашқы партиядағы қуыршақ үшін, егер ол келбетін сақтаған болса, 10 мың долларға дейін беретіндер табылады. Жарты ғасырдың ішінде Барби 100 шақты мамандықты игеріп алған. Балаларға қуаныш сыйлау үшін ол астронавт та, студент те, мәнерлеп сырғанаушы да, рок-жұлдыз да, тіпті АҚШ президенттігіне кандидат да болыпты.