Бәрі де халықтың көкейінде жүр еді - депутат Президенттің тың бастамалары жайлы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов мемлекет бюджетінен бөлінетін қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуын қамтамасыз етуге «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары аянбай атсалысатын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәжіліс депутаттары 4 мыңнан астам елдімекендерде, шалғай ауылдарда 10 мыңға жуық кездесу өткізді. Осы кездесулерде барша қазақстандықтардың, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы сізге деген зор ілтипаты мен ризашылығын, қолдауын көріп жүрміз. Сіз бүгін халықты толғандырған мәселелерді тап басып, азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін тағы да тарихи шешім қабылдап отырсыз. Халықты жұмыспен қамту, тұрмысы төмен отабсыларды қолдау, тұрғын үй салу мен жергілікті жолдарды жөндеу, медициналық көмек көрсету, ауылдарды, шағын қалаларды дамыту сияқты мәселелерге қыруар қаржы бөлуді тапсырдыңыз. Осының бәрі халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер еді», - деді Нұртай Сабильянов «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде.

Депутат өз сөзінде әлеуметтік жағдайды жақсартып, халықтың тұрмыс сапасын арттыру үшін тұңғыш рет 2 трлн 350 млрд теңге бөлу - тарихи шешім деп айтуға толық негіз барын атап өтті.

«Сонымен қатар, сіз бастамашылық еткен «Құтты мекен», «Ауыл - ел бесігі» атты жаңа бағдарламалар ауыл-аймақтарды дамытуға тың серпін береді. Бұл тапсырмалардың барлығын, партияның жаңа бағдарламасын, бөлінетін қаражаттың мақсатқа сай жұмсауға қамтамасыз етуге «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары аянбай атсалысатын болады», - деді депутат.

Еске сала кетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар