«Барыс» елордада «Сибирь» командасынан басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы соңғы ойынын елордада «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында командалар бірінші кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Екінші кезеңнің 26-минутында елордалық командадан Аркадий Шестаков көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде елордалық команда биылғы маусымды жеңіспен аяқтады.
Екі команда бұған дейін 54 мәрте кездескен. Оның 25-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Турнир кестесінде «Барыс» 66 ойыннан кейін 48 ұпаймен 22-орында тұр. Ал «Сибирь 67 ойыннан кейін 67 ұпаймен 18-орында келеді.
Айта кетейік, астаналық клуб соңғы 10 ойынның тоғызында қарсыластарына есе жіберді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Лада» командасына жол берді.