«Барыс» қақпашысы мен «Металлург» қорғаушысы ҚХЛ-де үздік атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан хоккей құрамасының ойыншылары Андрей Шутов пен Валерий Орехов Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) қазан айындағы символикалық құрамына енді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Два хоккеиста сборной Казахстана вошли в символическую сборную октября КХЛ
Фото: «Барыс» ХК

Лига баспасөз қызметінің мәліметінше, «Барыс» клубының 28 жастағы қақпашысы Андрей Шутов айдың үздік қақпашысы атанды. Ол екі матчта қақпасына бірде-бір шайба жібермей, «Спартак», «Сибирь», «Авангард», «Автомобилист», минскілік «Динамо» және «Шанхай Дрэгонс» командаларына қарсы жеңісті ойындарға елеулі үлес қосты.

Ал Ресейдің «Металлург» клубында өнер көрсететін қорғаушы Валерий Орехов осы кезеңде төрт шайба соғып, алты нәтижелі пас берді.

Қазан айының үздік ойыншылары қатарына «Барыстың» америкалық шабуылшысы Джастин Бэйли де енді. Ол 10 ұпай жинап, бес шайба соғып, бес нәтижелі пас берді.

Ай қорытындысы бойынша қазақстандық клуб Шығыс конференциясында үшінші орынға тұрақтады.

Еске салайық, бұған дейін хоккейден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі анықталғанын жазған едік.