Барлық бағыт бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда шектеулер алынды
Барлық бағыт бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда шектеулер алынды. Kazinform бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ауа райының жақсаруына байланысты осындай шешім қабылданып отыр.
Айта кетейік, ауа-райының өзгеруі және автожолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат «Дармен» мобильді қосымшасында, ТЖД-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді.
Барлық оқиға мен ТЖ фактісі туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласуға болады.
Бүгін күндіз Қарағанды облысының жолдарында 800-ден астам адам құтқарылған болатын.
Бұған дейін 5 облыста 10 автожол учаскесінде көлік қозғалысы шектелгенін жазған едік. Сондай-ақ 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесі жабық тұрғанын хабарладық.