Барлық университетті апаттан зардап шеккендерді қолдауға шақырамын – Талғат Нәрікбаев

университет
Фото: adyrna.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев Мемлекет басшысының су тасқыны салдарына қатысты үндеуі туралы пікір білдіріп, қиындыққа тап болған азаматтарды ел болып қолдауға шақырды.

Ол университет атынан көмек қолын созуға дайын екенін атап өтті және барлық университетті апаттан зардап шеккендерді қолдауға шақырды.

«Мемлекет басшысының су тасқыны салдарына қатысты үндеуін тыңдап шықтым. Ашығын айту керек, қазіргі таңда қиын жағдайда қалған халқымызға жылы сөз өте маңызды. Президенттің тапсырмасымен халыққа көмектесу үшін үкімет мемлекеттік материалдық резервті пайдаланатын болды. Сондай-ақ шығындарды өтеуді толығымен үкімет жауапкершілікке алады. Апаттық жағдайда еліміздің бірлікте болуы, ал қиындыққа тап болған азаматтарды ел болып қолдауымыз керек. Біз де өз тарапымыздан университетіміздің атынан көмек қолын созуға дайын екенімізді білдіргім келеді. Арнайы қорларға қаражат аударамыз деп шешім қабылдадық. Барша университеттерді осындай апатты жағдайда қолдауға шақырамын», - деді Талғат Нәрікбаев.

Соңғы жаңалықтар