Барлығымыз біздің Президентіміздің командасында қалуымыз керек, және бұл ең маңыздысы - К.Мәсімов
АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысына отставкаға шығуы туралы өтінішін берді.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Премьер-Министрінің отставкасын қабылдады. Конституцияға сәйкес, Премьер-Министрдің қызметінен босатылуы бүкіл Үкімет өкілдігінің жойылғанын білдіреді. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Үкімет өз міндеттерін жаңа Министрлер кабинетінің бекітілуіне дейін атқарады.
Үкіметтің соңғы отырысында сөз сөйлеген Кәрім Мәсімов Елбасына ризашылығын білдірді: «Мен еліміздің Президентіне маған осы жылдары артқан жоғары сенімі үшін алғысымды білдіргім келеді».
Кәрім Мәсімов сондай-ақ Үкімет мүшелеріне атқарылған жұмыстар үшін ризашылығын жеткізді.
«Біз ел Президентінің өзімізге артқан жоғары сенімін ақтауға тырыстық. Үкіметтің барлық мүшелеріне бірігіп жұмыс істеген жылдар үшін алғысымды білдіремін. Барлығымыз біздің Президентіміздің командасында қалуымыз керек, бұл ең бастысы», - деп атап өтті К.Мәсімов.