Барлық бөлінген қаражат экономикаға жұмыс істеуі тиіс – Үкімет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Барлық мемлекеттік органдар жұмыспен қамту бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Әкімдіктер айдың соңына дейін конкурстық рәсімдерді аяқтасын және инфрақұрылымдық жобаларды толық іске асыруды бастасын. Жобаларда пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің негізгі көлемі отандық болуы қажет. Барлық бөлінген қаражат экономикаға жұмыс істеуі тиіс»,- деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр екіншіден, барлық мемлекеттік органдарға жұмыспен қамту бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

«Үшінші, Еңбек министрлігі «Жұмыспен қамту« жол картасын, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын құру және халықты жұмысқа орналастыру тұрғысынан басқа да мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысына күн сайын мониторинг жүргізсін. Ералы Лұқпанұлы, бақылау сізде», - деді Асқар Мамин орынбасары Тоғжановқа қарата.


Соңғы жаңалықтар