Барлық фильмдер тексеруден өтеді

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР аумағына әкелінген және елімізде шығарылған барлық фильмдер көрермендердің жас шегіне қарай индекстеледі, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайты.

Барлық фильмдер тексеруден өтеді

2011 жылдың қаңтарынан бастап индекс 3653 фильмге тағайындалды. Аталған Заңда фильмдер индексациясының 6 категориясы белгіленген: «К» - әртүрлі жастағы көрермендерге арналған фильмдер, «БА» - он екі жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берілген фильмдер, «Б14» - он төрт жасқа дейінгі балаларға ата-аналарымен бірге көруге ұсынылатын фильмдер, «Е16» - он алты жасқа дейінгі көрермендерге ата аналарымен бірге көруге ұсынылатын фильмдер, «Е18» - он сегіз жастан асқан көрермендерге арналған фильмдер, «НА» - жиырма бір жасқа толған көрермендерге ғана арналған фильмдер.

«Министрліктің құзырына фильм индексін анықтаудың критерийлерін бекіту жатады. Аталған критерийлерді әзірлеу барысында, халықаралық тәжірибе жан-жақты зерделеніп, сонымен қатар қазақстандық кинодистрибьютерлер, кино таратушылар және қоғамдық бірлестіктер тартылды. Арыз-шағымдар түскен жоқ. Қызмет уақытымен және сапалы көрсетіліп келеді», - дейді министрлік.