Барлық қазақстандықтарды азаматтық борышын өтеуге шақырамын - Мәулен Әшімбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев кезектен тыс ҚР Президенті сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партия өкілі ҚР Ұлттық кітапханасында орналасқан №111 сайлау учаскесінде жұбайымен және қызымен келді.

"Қазір сайлауда дауыс беру процесі жүріп жатыр. Менің кез келген пікірім халықтың таңдауына ықпал етпеуі тиіс. Сондықтан ешнәрсе айта алмаймын. Бір ғана айтарым, қазақстандықтардың сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық борышын өтеуге шақырамын. Бұл - шын мәнінде әрбір қазақстандықтың жауапкершілігі. Бүгін өте жауапты күн, әрбір қазақстандық өз үлесін қосуы қажет", - деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен бірге, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов те №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық кітапханасында орналасқан №111 сайлау учаскесінде 4 661 тұрғын тіркелген. Олардың 600-ге жуығы алғашқы үш сағатта дауыс беріп үлгерді.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де - Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-де ашылды.

Соңғы жаңалықтар