Барлық мерекелік күндер халықтың бірлігіне арналған бірыңғай тақырыптық алгоритмге бірігуі тиіс - Г. Әбдіқалықова
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барлық мерекелік күндер халықтың бірлігіне арналған бірыңғай тақырыптық алгоритмге бірігуі тиіс.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы кеңейтілген отырысы кезінде айтты.
«Халықтың барлық әлеуметтік санаттарын тарту қажет, әрбір қалада, аудан орталықтарында, ауылдық елді мекендердегі жұмыстарға басым белгі жасау қажет», - деді Г. Әбдіқалықова.