Барлық партияны тең бәсекелесіміз деп есептейміз - Елнұр Бейсенбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат – AMANAT партиясы алдағы Мәжіліс сайлауында барлық саяси партияны тең бәсекелес санайды. Бұл туралы аталған партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Партиялық тізім бойынша қазір Мәжіліске 69 адам, яғни 100 пайыздың 70 пайызы ғана өте алады. Әрине, біз ең ірі саяси партия ретінде оның көпшілік орнын алуға үмітіміз бар. Халық бізді қолдайды деп сенеміз. Сайлау қорытындысы бойынша партиямыздың саяси бюросымен және кандидаттармен ақылдасып, кім дептутат болатындығы шешіледі», - деді Елнұр Бейсенбаев Орталық сайлау комиссиясында ұйымдастырылған брифинг барысында.
Сонымен қатар ол БАҚ өкілдерінің «алдағы сайлауда қай партияны басты бәсекелес санайсыздар?» деген сауалына жауап берді.
«Біз үшін барлық саяси партия бәсекелес. Бұл - бәсекелесетін орта, саяси сайлау науқаны. Сол себептен біз барлық саяси партияны тең бәсекелесіміз деп есептейміз», - деді партияның атқарушы хатшысы.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Орталық сайлау комиссиясы AMANAT партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының 90 адамнан тұратын партиялық тізімін тіркеген болатын.
Фото: parlam.kz