Барлық проблемалық мәселе бизнеспен бірлесіп шешілуде - ҚР Премьер-Министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Барлық проблемалық мәселе бойынша бизнеспен бірлесіп шешім қабылдануда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлық проблемалық мәселе бизнеспен бірлесіп шешілуде - ҚР Премьер-Министрі

«Бизнес өкілдерінің қатысуымен Үкімет жанынан Дағдарысқа қарсы іс-шаралар жөніндегі жедел штаб жұмыс істеп жатқанын атап өткім келеді. Біз барлық проблемалық мәселелер бойынша бизнеспен бірлесіп шешім қабылдап отырмыз», - деді Үкімет басшысы.

Осыған орай Әлихан Смайылов «Атамекен» Ұлттық палатасы мемлекеттік органдармен бірге Штаб отырысында шешім қабылдау үшін бизнестің мәселелерін шұғыл түрде енгізіп отыруы тиіс екендігін баса айтты.

«Бақылау мен үйлестіру жетекшілік ететін салалары бойынша Премьер-Министрдің орынбасарларына жүктеледі», - деді Үкімет басшысы.