17:08, 27 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Барлық түлекке колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік жасалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен колледж түлектеріне қандай қолдау жасалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Колледжде оқуға ниет білдірген 9-сынып түлектерін 100 пайызға тегін оқумен қамту жоспарланып отыр. Жыл сайын 9-сыныптан кейін 30 мың бала колледждерде ақылы негізде оқуда. Олардың біразы қаржылық қиындықтарға байланысты колледжді бітірместен, оқуын тастап кететін жағдайлар жоқ емес», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, жастардың, әсіресе аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдау мақсатында оқуға ниет білдірген барлық 9-сынып түлектеріне колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік жасалады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкіметте мектептер құрылысына қатысты түсінік берілді.
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына қандай қолдау жасалатынын айтты.