БАРЛЫҚ ЖАҚСЫЛЫҚ - БАЛАЛАРҒА: Қазақстанда халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәбидің шуақты күлкісі шаттыққа толтырып, оның алаңсыз өсуіне бүкіл қоғам болып атсалысу - ілгерішіл елдің бұлжымас дәстүрі. Өйткені, олар еліміздің ертеңі, біздің ізгі істерімізді жалғастырар ұрпақ, жас буын. «Барлық жақсылық - балаларға!» деген қанатты сөз өзінің маңызын жойған жоқ.
None
None

Бүгін еліміздің барлық түкпір-түкпірінде кеңінен аталып өткен Халықаралық балалар күнінің мерекелік шаралары өскелең ұрпақтың есінде қалар қуанышты сәттерге толы болды. Ең бастысы, бейбіт күннің шуағымен нұрланып, желкілдеп өскен құрақтай, үміт артар ұрпағымыз бар. «Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрлеген» бүгінгі ұрпақтың лүпілдеген жүрегі Отаным деп соғады. Олардың үкілі армандарының орындалуына елімізде барлық жағдай жасалған!

Соңғы жаңалықтар