Бәрімізге қатысты: Жаңа адамдар еріктілермен бірге зардап шеккен аймақтарға көмектесуде

Жаңа адамдар
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Апаттың жойқын зардаптары кезекті рет біздің күшіміз бірлікте екенін көрсетті. Қайғы Қазақстанда тұратын адамдарды жұмылдырып, біріктірді. Ол біздің жауынгерлік рухымызды, адамгершілігімізді, жанашырлығымызды көрсетті.

Жаңа адамдар апат орындарына жіберуге топтар құруды жалғастыруда. “Бәрімізге қатысты” орталықтары еріктілерді Орал өңірінде зардап шеккендерге көмек қолын созуға шақырады. Қазақстан бойынша топтарға іріктеу жалғасуда.

“Бәрімізге қатысты” орталықтары:

✔️жұмыс орнына бару және қайту тасымалы
✔️қауіпсіз тұрғынжай
✔️ыстық тамақ
✔️барлық қажетті жабдық (комбинезондар, аяқ-киімдер, қолғаптар және т.б.) ұсынады.

Бүгінгі таңда орталықтар мен “жағдайға немқұрайлы емес” жандардан құралған топтар СҚО, БҚО және Ақмола облысында зардап шеккендерге көмек қолын созуда. Топтар гуманитарлық көмек жинап, су астында қалған аймақтарға жіберуде. Көмекті тиеп, орап, ауылдарға тарату үстінде. Еріктілер құтқарушыларға көмек үшін маңызды үлестерін өз қолдарымен қосуда: қаптарды құммен толтырып, бөгеттер салуда және сыни аудандарда тору жұмыстарын жүргізуде.

Өткен аптада “Бәрімізге қатысты” сайтына 3000-ға жуық қазақстандық тіркелді. Мың адам су астында қалған аймақтарға баруға дайын екенін, олардың 200-і Орал, Петропавл қалалары және Ақмола облысына көмек қолын созуға жол жүрді. Қалған тіркелгендер гуманитарлық көмекті жинап, орауға көмектесуге ниет білдірді. Олардың көмегімен “Бәрімізге қатысты” орталығы 3 рейс су, азық-түлік, бірінші қажеттілік заттарын және жабдықтарды зардап шеккен аймақтарға жіберді.

Соңғы жаңалықтар