Барнаулда 3 жасар балаға қасқыр шабуыл жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Барнаул қаласындағы зоопаркте балаға қасқыр шабуыл жасады, деп хабарлайды РИА Новости.
None
None

3 жасар бала тордың ар жағында тұрған қасқырды қызық көріп, оны қолымен ұстап көрмек болған. Сол кезде дала түзі баланың қолын, құлағын тістеп алған. Қасқыр тісінен жарақат алған сәбиді бірден емханаға алып кетті.

Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: РИА Новости

Соңғы жаңалықтар