16:20, 03 Мамыр 2011 | GMT +5
Барнаулда жол апатынан тоғыз қазақстандық зардап шекті
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Сейсенбіге қараған түнде Барнаулда қазақстандық рейстік автобус жол апатына ұшырады. Соның салдарынан тоғыз адам, соның ішінде екі жасар сәби зардап шекті,

деп хабарлайды Ресей ТЖМ Алтай аймағы бойынша Бас басқармасынан, деп жазады ВЕСТИ.ру
«Алдын ала болжам бойынша, жол апаты жүргізушінің көлік рөліне ие бола алмай қалуынан болған», - делінген ТЖМ таратқан ақпаратта. Ведомствоның хабарлауынша, 27 жолаушы және екі жүргізуші отырған Hyundai маркалы автобусы Өскеменнен Новосібірге жол тартқан. Мәскеу уақыты бойынша сағат 1.40-та автобус жол бойындағы жыраға түсіп кеткен.
Зардап шеккен жеті адам Барнаул қаласының №1 ауруханасына жеткізілді. «Ешкім ауыр жарақат алмады. Негізінен жеңіл жарақаттар», - деген Барнаул жол милициясы басқармасындағылар.