11:12, 04 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Барнауылда қазақ тілі орталығы ашылады
ПАВЛОДАР. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Алтай мемлекеттік педагогикалық университеті (Барнауыл) және Алтай мемлекеттік университеті (Славгород) өткен аптаның соңында Барнауылда қазақ тілі және мәдениеті орталығын ашу жөнінде үшжақты келісімге қол қойды, деп хабарлады ПМПИ-дың баспасөз қызметі.

«Қазіргі уақытта Алтай өлкесінің жоғары оқу орындарында 50 қазақстандық студент оқиды. Сондай-ақ өңірде этникалық қазақтардың басым бөлігі тұрады. Олар үшін бұл орталық маңызға ие», - деді АлтайПМИ ректоры Ирина Лазаренко.
«Қазақ тілі және мәдениеті орталығының ашылуы біздің мемлекеттеріміз арасындағы достастықты нығайтады», - деді Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры Нина Яковлева.